142 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Стипендия иегерлерінің тізімін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» 25 қыркүйекте жариялады.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 19 наурыздан 31 тамызға дейін жүзеге асырылды. Биыл бағдарламаға 555 грант бөлінген. Болашақ бағдарламасына магистр, доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға, тағылымдамадан өтуге үміттенетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған.
Бағдарлама іске асырылған жылдары әлемнің 35 еліндегі 170 үздік жоғары оқу орнында оқу үшін 12 000 астам қазақстан азаматтарына стипендия тағайындалған.