05-01-21 |
1960 рет қаралған
31 АРНАДАҒЫ «НЕГЕ?» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ.
31 АРНАДАҒЫ «НЕГЕ?» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

Бұл туралы 31 телеарнаның ақпараттық бағдарламалар директоры Болат Мүрсәлім өзінің  Facebook парақшасында хабарлады. Жабада аз уақыт ішінде көрермен назарын аудара білген қоғамдық-саяси ток-шоуға қатысты қысым болғаны да айтылған.

«Ерқанат Көпжасарұлы жүргізген «Неге?» хабары эфирге шыққаннан бастап плюралистік қағиданы ұстауға тырысты. Хабарға билік өкілдері де, билікті сынап жүрген оппозиция да, бұл екі тарапқа да қатысы жоқ тұлғалар да қатысты. Ешкімнің көзқарасына, қызмет лауазымына, жасына т.б. шектеу болмады. Бірнеше хабар реознанс тудырып, Facebook, Youtobe-та жақсы талқыланды.

«Жан жақтан болған қысым, соғылған қоңырауларға қарамастан, талай жыл бойы бір сағаттан асатын хабарға қатыспақ түгілі, эфирден он секундтық сөзі (снх) берілмей кеткен бірнеше азамат «Негеде» қонақ болды. Қоғамның өзекті, әлеуметтік желіде ғана талқыланатын талай мәселесі осы ток-шоуда ашық, еркін пікірталасқа салынды. Сол себепті бұндай хабардың рейтингі де жаман болмауы тиіс еді», – дейді Болат Мүрсәлім.

Қазақстандағы жалпыұлттық коммерциялық телеарна қазір «НЕГЕ?» жобасын қайта ашудың жолын іздеп жатыр.   Эфирге шыққаннан бастап плюралистік қағиданы ұстауға тырысқан бағдарламада тараптардың пікірі тең берілгені айтылады.

«Әрине, саяси бағыттағы, хайп қумайтын хабардың өте жоғары рейтингке ілігіп кетуі де сирек. Сонда да белгілі дәрежеде бұндай хабарлар өзін өзі ақтайтын деңгейге жетуі керек еді. Бірақ, олай болмады. Сондықтан, «31 арна» «Неге?» хабарын тоқтату туралы шешім қабылдады. Дегенмен, хабар әзірге жабылған жоқ. Арна хабарды ары қарай да жалғастыру жолын іздеп жатыр», – дейді Болат Мүрсәлім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.