22-11-18 |
4290 рет қаралған
«КТК-ға бомба қойылды» деген ақпарат жалған болып шықты (видео).
«КТК-ға бомба қойылды» деген ақпарат жалған болып шықты (видео)

Бүгін Республика алаңы 13 мекенжайында орналасқан КТК телеарнасы редакциясына бомба қойылды деген қоңырау түсіп, арнайы құқық қорғау органдарды оқиға орнына жетіп, адамдарды эвакуациялап, жарылғыш затты іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде «КТК телеарнасы редакциясына бомба қойылды» деген ақпарат жалған болып шықты. Мұны Алматы қаласы ішкі істер басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады.

«Бомба қойлыған туралы ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі кезде күдікті іздестірілу үстінде. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жалған ақпарат берген үшін қылмыстық жауапкершілік тартылады», – деді arasha.kz тілшісіне Салтанат Әзірбек.

Төменде оқиға орнынан адамдардың эвакуацияланған сәті түсірілген видео.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.