Астанада «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталып, 64 (48 орта мектеп мұғалімі және 16 колледж оқытушысы ) үздік ұстаз төсбелгімен және 2 млн 405 мың теңгемен марапатталды.
Шараға қатысқан сенат депутаты Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтай келіп, бүй деді:
«Бүгін бәріміз үшін өте қуанышты күн. Өйткені, білім саласында жұмыс істеп жатқан мамандарға, ұстаздарға əрқашан да елдің алғысы шексіз. Бүгін сіздерді құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс тілеймін».
«2018 жылдың үздік педагогі» анықтайтын республикалық комиссияға 147 құжат, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім саласы мұғалімдерінен 109 құжат, техникалық және кәсіптік білім саласынан 38 құжат келіп түскен екен.
2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан конкурстың биылғы аудандық және қалалық турларына қатысқандардың саны бұрынғы жылмен салыстырғанда 2 есе көбейген.
2012 жылдан бері конкурсқа 31 420 мұғалім қатысқан.