02-04-24 |
14190 рет қаралған
800-ден астам еңбек мигранты еліне қайтарылды.
800-ден астам еңбек мигранты еліне қайтарылды

Шымкентте шетел азаматтарының жалған медициналық анықтамалар мен сақтандыру полюстерін ұсыну фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 815 шетел азаматына еңбек қызметіне заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, елден шығарылды.

Сонымен қатар Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы мен маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бұдан бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған 6 мыңнан астам еңбек мигранттарына қатысты осындай бұзушылықтар анықталды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында уәкілетті орган «Qr»коды арқылы тексерілгеннен кейін ғана медициналық анықтамаларды қабылдау тәжірибесін енгізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.