30-03-18 |
10810 рет қаралған
Ағайындар Алматыда шеруге шығамыз деп отыр.
Ағайындар Алматыда шеруге шығамыз деп отыр

Қытайдан келген қандастар бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрап Алматы қаласы әкімдігіне барды деп жазады zhasalash.kz сайты.

Алматы қалалық ішкі саясат басқармасына 8 адамның қолы қойылған өтініш хат осымен 3-ші мәрте жолданып отыр. Бұған дейін қытай консулдығының алдында өткізу туралы өтініштері құжат толық емес деген желеумен қабылданбаған.

Өтініш хатта соңғы жылдары Қытайдағы қазақтардың саяси қысым көріп отырғаны, туыстарымен хабарласа алмайтындары, Қазақстан тарапымен байланысқа шыққан кез келген қазақтың қудалауға, тергеуге ұшырайтыны жайлы айтыла келіп, 8 сәуір күні сағат 11-00 мен 17-00 арасында Алматы қаласындағы Сарыарқа кинотеатрының жанында бейбіт шеруге шығуға рұқсат сұрайтындары жазылған. Хатқа қол қойған 8 адамның барлығы Қазақстан азаматтығын алған.

Бейбіт шеруге шамамен 1000-ға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Бұдан бұрын бұл жағдайға қатысты Қазақстан Сыртқы Істер министрі Қайрат Әбдірахманов 19 ақпанда Қытай тарапына Қазақстан үкіметі атынан ресми нота жолданғанын айтқан. Қытай жақтан әзірге жауап жоқ.

Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасы хатты қабылдап алды. Енді 15 күн ішінде жауап берілетін болады. Хат жазушылар егер бейбіт шеруге рұқсат берілмеген жағдайда дүниежүзілік адам құқықтарын қорғау ұйымдарына хат жазатындарын, Қытайдағы қандастардың елге еркін келіп-кетуіне жағдай жасалғанша, Қазақстанға оралуына қойылған тосқауыл жойылғанша тоқтамайтындарын айтады.

Дереккөз: zhasalash.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.