Істі қарап жатқан судья – Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев адвокат Жанар Сүндетқалиеваның Айгүл Ақбердиеваның Telegram чаттағы хабарламаларына кешенді сот сараптамасын жасау туралы өтінішін қанағаттандырды. Ол туралы сот қаулысымен танысуға ертең таңертеңге дейін уақыт берді. Ертең сот отырысы болмайды, тек судья мен адвокат кездесіп, сараптама жасауға қатысты мәселелерді ақылдасатынын айтты.
Сот қаулысы бойынша, сот сараптамасына филолог, лингвист, саясаттанушы және психолог қатыстырылатын болды.
Бұдан соң судья Қазақстан конституциясының 20-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, әрбір азамат өз ойын айтуға құқылы екенін айтып, азаматтардың үкіметке көңілі толмауын мемлекеттің бірінші басшысын орнынан түсіру деп түсіну керек пе деген мәселені анықтау қажетін айтты.
Сотқа Ақтаудағы азаматтық белсенділер, Қазақстандағы адам құқықтары бюросы Маңғыстау филиалының өкілі қатысты.
Айгүл Ақбердиеваның үстінен сот процесі 24 қыркүйекте басталған.
Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің аға тергеушісі, капитан Нұрсұлтан Жамбаев жүргізген айыптау актісінде Айгүл Ақбердиева 2018 жылдың ақпан айында «Айкена», «Айкен», «Айгөлек» никтерімен Telegram желісіндегі «ДВК-актвист» тобына тіркеліп, «билікті құлатуға шақырған» бірнеше хабарлама жазғаны көрсетілген.
Оқи отырыңыз: Ақтау тұрғыны «ҚДТ чаты» үшін сотталды
Айгүл Ақбердиеваға қатысты қылмыстық іс маусымның 26-сы күні қозғалған. Оның күйеуі Абловас Жұмаевты Ақтау қалалық соты қыркүйектің 20-cы күні «рулық, әлеуметтік алауыздық тудырды», «билікті күштеп құлатпақ болды» деген айыптарман үш жылға бас бостандығынан айырған еді. Абловас Жұмаев өзіне тағылған айыптарды мойындамаған. Абловас Жұмаев пен Айгүл Ақбердиеваның төрт баласы бар, кенжелері – екі жаста.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024