04-10-18 |
2120 рет қаралған
АҚШ Иранмен арадағы Достық туралы шартты бұзады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтон Иранмен 1955 жылы жасасқан Достық туралы шартты бұзатынын мәлімдеді. 

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон келісімнен БҰҰ Халықаралық сотының АҚШ-ты Иранға салған санкциясының бір бөлігін жоюға міндеттегеніне жауап ретінде шықпақ. Бұған дейін БҰҰ соты Тегеранның шағымы АҚШ Иранға гуманитарлық көмек көрсету және азаматтық ұшақтардың қосалқы бөлшектерін жеткізуге қатысты салған санкциясын жартылай жоюы тиіс деген шешім шығарған.

Майк Помпео Иранның Вашингтонды Достық туралы шартты бұзды деуі негізсіз екенін айтты. Помпео АҚШ бұл құжатты «бірнеше жыл бұрын-ақ бұзу керек еді» деп біледі.

Шартқа 1953 жылы АҚШ пен Иран арасында одақтастық қарым-қатынас орнаған кезде қол қойылған. Алайда, екі ел 1979 жылы Иранда ислам революциясы болып, Тегеранда АҚШ елшілігін басып алған соң дипломатиялық байланысты үзген. Дегенмен, Достық туралы шарт ресми түрде әлі күнге дейін күшінде. Тегеран осы шартқа сүйеніп БҰҰ сотына АҚШ-тың үстінен шағым түсірген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның БҰҰ Халықаралық сотын «теріс мақсатта пайдаланып отырғанын» мәлімдеді. Ол АҚШ Иран саясатынан қауіп төнетініне байланысты Тегеранға қарсы санкцияны қайта салуына құқығы барын айтады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.