Ол жағдай шиеленіскен кезде санаулы минуттарда шешім қабылдау қажет болатындықтан әскерилерге қару қолдануға алдын ала рұқсат берілгенін айтты. АҚШ заңдарында бейбіт кезде армияға полицияның құзыретін беруге тыйым салынған.
АҚШ-тың оңтүстік шекарасына Латын Америкасынан мигранттар ағылып келе жатыр. Олар АҚШ-та паналап қалғысы келеді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін мигранттар арасында «баскесерлер» барын мәлімдеп, шекараға алты мыңға таяу әскери қызметкер жіберген.