27-10-18 |
1880 рет қаралған
АҚШ-та жарылғыш қораптарға қатысы бар күдікті ұсталды.
АҚШ-та Дональд Трамптың оппоненттеріне жолданған жарылғыш қораптарға қатысы бар деген күдікпен бір азамат ұсталды. Күдіктінің аты-жөні Цезарь Сайок, Флорида штатының 56 жастағы тұрғыны. NBC дерегінше, ұсталған азамат бұрын сотталған.

26 қазанда Флорида штатында полиция сенатор-демократ Кори Букерге бағытталған күдікті қорап тапқан. ФБР бұл деректі растаған.

Тағы бір осыған ұқсас қорап 26 қазанда таңертең Нью-Йорктегі пошта жәшігінде табылған. Расталмаған дерек бойынша, қорап CNN телеарнасындағы Джеймс Клэпперге бағытталған. Клэппер бұрын ұлттық барлау қызметін басқарған.

Бомба салынған қорап бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенттері Билл Клинтонның үйіне және Барак Обаманың кеңсесіне, CNN телеарнасына және миллиардер Джордж Соросқа, актер Роберт де Нироға жіберілген. ФБР-дың айтуынша, күдіктіні саусағының таңбасы арқылы тапқан.

Қораптардың барлығы күдікті тұрған Флорида штатындағы бір пошта орталығы арқылы жіберілген. Сайокқа қазіргі кезде бес айып тағылып отыр: Штаттар арасында бомба жіберу, жарылғыш хаттарды заңсыз жіберу, АҚШ-тың бұрынғы президенттері мен өзге азаматтарға қоқан-лоқы жасау, штаттар арасында байланыстың үзілуіне қауіп төндіру, федералдық қызметкерлерге шабуыл жасау.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.