АҚШ мемлекеттік департаменті Еуропа одағын Керчь бұғазындағы конфликтіден соң «Солтүстік ағыс – 2» жобасынан бас тартуға шақырды. Олар «Еуропаның Украинаны айналып өтетін газ инфрақұрылымы көп болған сайын Ресейдің әскери агрессиясына төтеп беру қиындай түседі» деп санайды.
Таяуда Украина қорғаныс күштері бас штабының басшысы Виктор Муженко Ресейден 2014 жылдан бергі ең ірі қатер төніп тұрғанын айтқан. Reuters-ке берген сұхбатында ол «Әрекеттерінің құқықтық, моральдық және басқа да шекарасы жоқ агрессорға қарсы тұрмыз. Украинаға қашан әскери шабуыл жасайтыны белгісіз» деген. Муженконың айтуынша, украин шекарасындағы Ресей танкілерінің тобы екі апта ішінде 93-тен 250 көлікке дейін артқан.
Қарай отырыңыз: Ресей катерінің Украина буксирін соққан сәті
25 қарашада Ресей шекарашылары Керчь бұғазында Украинаның үш әскери кемесіне оқ атып, экипажымен қоса тұтқындаған. Шабуылда украиналық 24 теңізші ұсталып, кейін олардың үшеуі екі айға қамалған.
Ресей билігі украиналық кемелерді шекарадан заңсыз өтпек болды деп айыптайды. Киев Ресей билігін арандату әрекетін жасады деп айыптап, оқиғаны «басқыншылық» деп атады. Владимир Путин бұл жағдайды Порошенконың «сайлау алдындағы арандатуы» деп бағалады.
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024