01-11-18 |
1830 рет қаралған
АҚШ қыркүйекте мұнай өндіруден Ресейді басып озды.
АҚШ қыркүйек айында мұнай өндіру көлемі жағынан Ресейден озды. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та қыркүйекте орта есеппен күніне 11,346 миллион баррель мұнай өндірілсе, Ресейде күніне 11,21 миллион баррель мұнай өндірілді.

Бір жыл ішінде АҚШ-та мұнай өндіру күніне 2,1 баррельге өскен. Мұнай өндіру әсіресе ең ірі мұнай кеніші орналасқан Нью-Мексико штатында ұлғайып жатыр.

Бірақ сарапшылар АҚШ-тың бұл жетекшілігі ұзаққа бармайтынын айтады. Себебі, Ресей мен Сауд Арабиясы АҚШ-тың Иранға санкция салуына байланысты мұнай экспортында тапшылық туындатпау үшін мұнай өндіруді ұлғайтып жатыр.

Болжам бойынша, 2030 жылға қарай АҚШ күніне 16,5 миллион баррель мұнай өндіреді. Citigroup сарапшыларының мәліметі бойынша, келесі жылы америкалық өндірушілер АҚШ-тың мұнай және мұнай өнімдеріне деген сұранысын толық қамтамасыз етеді.

АҚШ бірнеше жылдан бері әлемде көмірсутегі шикізатын ең көп өндіруші ел саналады. 2009 жылы АҚШ табиғи газ өндіруден Ресейді басып озған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.