Томас Кент басқарған уақытта корпорацияда постсоветтік елдерде эфирге шығатын орыстілді «Настоящее Время» телеарнасы қарқынды дамыды. Азат Еуропа/Азаттық Радиосының бір аптадағы аудиториясы 26 миллионнан 31 миллион адамға дейін өсті.
Кәсіби білікті медиаменеджер Томас Кент кезінде Associated Press агенттігінің Мәскеудегі бюросын, халықаралық ақпарат бөлімін басқарған, басқарушы редактордың орынбасары болған. Кент Associated Press-те редакциялық және техникалық реформалар жүргізуде, агенттік жұмысын стратегиялық жоспарлауда және жаңа мультимедиялық қызметті дамытуда жетекші рөл атқарған. Ол Пулитцер сыйлығының төрешілер құрамына енген. Журналистік этика мәселелерін зерттеуге маманданған.
Томас Кенттің орнына АЕ/АР болып әзірге ешкім тағайындалған жоқ.
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025