Air Astana компаниясының Embraer 190 ұшағы 11 қараша күні Лиссабонның авиациялық-техникалық орталығында жөндеуден өткен соң Алматыға ұшып шығып, ұзамай дабыл белгісін берген. Экипаж бұдан соң ұшақты Бежа қаласындағы әскери әуежайға қондыруға мәжбүр болған.
Компания басшылығының сөзінше, әуелде приборлар ұшақ әуеде жантаятын кезде оны тепе-теңдікте ұстау қиын екенін көрсеткен. Осының салдарынан ұшақты ауа-райы қолайсыз кезде басқару қиын болып, экипаж қонуға шешім қабылдаған. Ұшақта үш ұшқыш пен үш инженер болған.
Ұшақ тергеу аяқталып, төтенше оқиға себебі анықталып, дұрысталғанша Португалияда болмақ. Компания Португалияға екі инженері мен екі ұшқышын жіберген.
Компания басшылығы 2013 жылы шығарылған бұл ұшақты келешекте бұдан ары пайдалану жоспары барын айтады. Ұшақ бұған дейін Орталық Азия аумағы мен Ресеймен шекаралас қалаларға және Кавказға ұшқан.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024