22-11-18 |
3530 рет қаралған
Айдос Сарым. Жазылған дүниені әділ ой таразысына салған жөн.
Айдос Сарым. Жазылған дүниені  әділ ой таразысына салған жөн

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қоғамда қызу талқыға түсіп, сарапшылар мақала турасында өз ойларын ортаға салып жатыр. Президент мақаласы турасында саясаттанушы Айдос Сарымды arasha.kz сайтына өз ойын жеткізді.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

– Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі дамытып, тереңдете түсуге бағытталған сапалы саяси публицистика әрі тарихи философиялық мәтін.

Жалпы бүгінгі тарихымызға ой жіберіп қарасақ, мақала бір сәттік немесе саяси ағымдағы нәрсе емес, керісінше мемлекеттік аппаратты, қоғам ойын бағыттаушы заңды және жүйелі қадам. Керек десеңіз, интеллектауалды топтарға, елдің ойлы азаматтарына жалпы әлеуметке Қазақстанның өткенін, қазіргі кезеңін, болашағын тануға шақыру. Осы орайда мемлекет басшысының осыдан жиырма жылдай бұрын жазылған «Тарих толқынында» атты фундаментальды еңбегі есіме түсіп отыр. Президенттің бұл жолғы мақаласы сол кітапта айтылған ойлардың саяси-философиялық доктринаға айналды.

Мақала айтылған дүниелер терең ойға және жүріп өткен жолымыз бен өткенімізді әділ сараптап, алға сүйрейтін тегеурінді күш айналса екен деймін.
Сондай-ақ, біз, бұл орайда тақиямызды аспанға атып қуанудан, «қолдаймыз, қуаттаймыз» деген кезекті науқаннан іргемізді аулақ салармыз деп ойлаймын. Өйткені мұндай нәрселер стратегиялық алыс көкжиектерді анықтауға бағытталған терең ой түзілімін құнсыздандырып, жүрісінен жаңылдырады. Ендігі жерде нақтылыққа жүгініп қана қоймай, жазылған, айтылған дүниелерді әділ ой таразысына салған жөн.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.