
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCOVID-in вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды.
Бүгін Қазақстанда азаматтарға Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының базасында жасалған QazVac вакцинасын салу басталды.
Министр алғашқылардың бірі болып вакцинаны тікелей эфирде салдырды. Трансляция денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтті.
Алексей Цой Нұр-Сұлтандағы №9 қалалық емханада екпе алды.
Айта кетейік, қазақстандық вакцина 21 күндік аралықпен екі рет егіледі.
Бұған дейін өңірлерге коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының 50 мың дозасына арналған арғашқы партия жөнелтілді.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025