Алексей Навальныйдың Twitter-дегі парақшасында жазуынша, әуежайдағы шекара бақылауында паспортын «арнайы тексеруге» алып қойғанын айтты.
Кейін оппозиционер шекарашылар өзіне елден шығуына тыйым салатын «әлдебір хат» барын ғана айтып, басқа түсінік бермегенін хабарлады.
Навальныйдың сөзінше, Ресей құқық қорғау органдары өзін наразылық акциялары кезінде бірнеше рет ұстаған және көпшілік қатысқан жиын өткізу тәртібін бұзды немесе билік өкілдерінің талабына бағынбады деген айыппен әкімшілік іс қозғаған.
Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Навальныйдың бұл уәждеріне келісіп, Ресей билігі оның бейбіт жиын өткізу құқығын бұзды және еркіндігін заңсыз шектеді деп таныған. Сот сонымен қатар Ресей билігі Навальныйдың ісін әді қарамады деп тапқан.
2017 жылы ақпанда Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Ресей Навальныйды 2012-2014 жылдары бейбіт митингілерде полиция жеті рет ұстағаны үшін 63,7 мың еуро төлеуі тиіс деген қаулы шығарған.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024