16-04-21 |
1270 рет қаралған
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды.
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ауысты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Берік Уәлидің хабарлауынша, президенттің жарлығына сәйкес Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Оның орнына Марат Мұратұлы Ахметжанов тағайындалды.

Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы тағылымдамадан өтуші лауазымынан бастады, содан кейін Теміртау прокуратурасының тергеушісі болып жұмыс істеді.

1993-1996 жылдары – Бас прокуратура жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасының өңірлік тергеушілер бөлімінің бастығы болды.

1996-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу комитетінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы бөлімінің бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің әскери-тергеу департаментінің Тергеу басқармасының бастығы.

1997-1998 жылдары-ІІМ Әскери-тергеу департаменті Тергеу басқармасының бастығы.

1998-2001 жылдары-Әділет министрлігінің Тергеу департаменті директорының орынбасары және сот қаулыларын орындау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2001 жылы-Бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.

2003-2006 жылдары-Павлодар облысының прокуроры.

2006-2009 жылдары-Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

2009-2012 жылдары-Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.

2012 жылы-Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдары-Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Департамент басшысы.

2016 жылғы 2 маусымнан бастап Қазақстан Бас прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.