arasha.kz

«Almaty film» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Елімізде алғаш рет өткізілген «Almaty film» халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін «Хрусталь» фильмі жеңіп алды. Беларусь, Германия, АҚШ және Ресей кинематографтары бірлесіп түсірген фильмнің режиссері Дарья Жук. Кино тоқсаныншы жылдардағы Беларусь елін сипаттайды. Фильмнің мазмұны: Минскіде тұратын Веля есімді ди-джей қыз Америкаға қоныс аудармақшы болады.

Жүлдені фильмнің Минскіден келген продюсерлерінің бірі Валерий Дмитроченкоға  фестивальдің жюри жетекшісі, ресейлік кинорежиссер әрі сценарист Сергей Бодров қыркүйектің 19 күні халықаралық кинофестивальдің жабылу салтанатында табыстады.

«Хрусталь» фильмі осы жылы шілдеде Украинадағы «Золотой Дюк» халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған. Алматы кинофестивалі бұл фильмнің екінші жүлдесі.

«Almaty film» халықаралық кинофестиваліне ұсынылған қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» атты фильмі де қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Естеріңізге салсақ, Almaty film халықаралық кинофестивалі қала әкімдігінің бастамасымен алғаш рет өтіп отырған шара. Фестивальге 10 фильм қатысты. Олар «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үдік актриса» аталымдары бойынша марапатталды.  Конкурстан тыс 21 фильм көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар фестиваль аясында «Тұлпар» Ұлттық сыйлығы берілді.

Exit mobile version