Ал,
Алматы көшелеріне сапасыз жөндеу жүргізген мердігерлерге қомақты айыппұл
салынбақ. Тұрғындар шағымынан кейін шаһар әкімі Бауыржан Байбек қадағалау
жұмыстарының күшейтілетінін мәлімдеді. Ал көшелерді жөндеумен айналысатын
компаниялар баспасөз кеңсесін ашып, тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға
талпынуда. Биыл көшелерді жөндеу мен жаңасын салуға қала қазынасынан 16
миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Жол бойына жиналған көлшік судан өте алмай кібіртіктеген көліктер амалсыздан
тротуармен жүруге мәжбүр. Өжет шағын ауданындағы бұл аумақ оншақты жылдан бері
осындай күй кешуде. Жыл сайын ырымы жасалғанымен баяғы жартас сол жартас
күйінде қалуда. Ал Дархан шағын ауданында кәріз құбыры тартылып, қазылған жерге
асфальт төселген. Алайда оларда ойылып көлік қозғалысына кедергі келтіруде.
Жолдың қадірін жүрген біледі демекші жүргізушілер шаһарда дені түзу көшенің жоқ
екенін айтады. .
«Қаланың орталығы дегенде мына Ақбұлақ жақа барсаңыз, Шаңырақ Алатау ауданы
былығып жатыр. Машинамен кіріп-шығу мүмкін емес»
«Покритие дорог то что она не сответствуейет. каждый сто метров кочка, яма и
так дали»
«Жаңбырдан патоптар көп болады да соны түзесе жақсы болар еді»
Жүргізушілер қауымы қала шетіндегі елдімекендерге қарағанда орталық көшелерге
басымдық берілетінін айтады. Биыл Мақатаев, Гоголь сынды үлкен көшелерге жөндеу
жұмыстары жүргізуліде. Мәселен Наурызбай даңғылы қаладағы дені түзу көшенің
бірі саналады. Алайда биліктегілер арық-шұңқыры жоқ көшенің асфальтын сылып
алып, сап сау ернеу тастарын ауыстыруды қолға алыпты. Шаһардағы 120 көшеге
жөндеу жұмыстарын жүргізуге 9 миллиард теңге қарастырылған.
«Наурызбай көшесінің соңғы жөндеу жұмыстарының өткеніне оншақты жыл болып
қалды. Бетінде жарықшақтар пайда болды. Сол себепті жөндеу жұмыстарына
енгізілді. Оның үстіне ернеу тастарын толық ауыстыру қарастырылмаған. Арасында
сынған, жарғышағы бар ернеу тастар ғана ауыстырылуда»,-дейді Алматы қалалық
мобильдік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан.
Ал мынау өткен жылы түсірілген Алатау ауданы, «Трудовик» шағын
ауданындағы көшенің сиқы. Тұрғындар
өздері ақша жинап тас төсеген көшені қазып, ауыз су мен кәріз құбыры тартылған.
Салдарынан жұрт жауынды күнді айтпағанда, жай уақытта да емін-еркін жүруден
қалған. Қаладағы ширек ғасырдан бері батпақ кешіп келген осы тектес оннан астам
елді мекендерде жаңадан 500-ге жуық көше салынатын болды. Оған қала қазынасынан
7 миллиард теңге қосымша бөлініпті.
«Шағын аудандар
бойынша Алатау, Түркісіб аудандарында жаңадан жол құрылысы жүргізілуде. 5 шағын
аудан бойынша Ақбұлақ, Алғабас, АЗТМ, Қарасу, Көкқайнар шағынаудандары бойынша
жұмыстар басталып кетті. Тапғы 5 шашығ аудан бойынша осы жақын арады жұмыстар
басталады»,-дейді Ернұр Абжахан.
Жыл сайын қаладағы көшелердің шұрық-тесігін жөндеу үшін шамамен 10 миллиард
теңге шамасында қаржы бөлінеді. Алайда
сапасыз жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жолдардың ойдым-ойдымы шығып, люктер
шөгіп жатады. Қазір бұл мәселемен айналысантын арнайы баспасөз кеңсесі
құрылған. Олар әлеуметтік желілер арқылы жұртшылықтың арыз-шағымдарын қабылдап,
мердігер компанияларға жеткізіп отырады. Осылайша мәселені жылдам шешуді
көздеуде.
«Біз жолдың сапасы, сынған бүлінген асфальт пен люктарға қатысты
тапсырыстар қабылдаймыз. Егер бұл мәселелер біздің мердігерлерге қатысты болса.
Сол мезетте ақпарат береміз. Егер люк бірнеше жыл бұрын жөнделсе онда тиісті
басқарманы құлақтандырамыз»,-дейді баспасөз кеңсенің жетекшісі Жанна Нұрсейітова.
Жалпы алғанда биыл қалада жаңадан салынатыны мен жөндеу жұмыстары
жүргізілетінін қосқанда 600-ден астам көше жаңартылмақ. Қала басшылығы барлық
жөндеу жұмыстарын тамыз айына дейін толығымен аяқтауды тапсырған. Егер
жауын-шашын кедергі келтірмесе мердігерлер уақытында аяқтаймыз деген сенімде.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024