Сот басталғанда жауапкер «істің сотта қаралу тәртібі бұзылғаны жөнінде» арыз түсірді. Судья Айгүл Қапарова арызды қарауға бірден үзіліс жариялап шығып кетті.
«365 info.kz» порталының журналисі Александра Алехова талапкер де, жауапкер де заңды тұлғалар екенін, сондықтан Азаматтық процессуалдық кодекс бойынша бұл істі ауданаралық сот қарауы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, бұл іс – моральдық шығын өндіру емес, іскерлік беделді қорғау дауы.
Түстен кейін жалғасқан сотта судья жауапкердің өтінішін қанағаттандырып, істі Алматының мамандандырылыған ауданаралық экономикалық сотына жолдады.
Алехованың айтуынша, енді қарсы жақ судьяның арызға қатысты шешіміне он күн ішінде қарсы шағымданбаса, іс Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына түседі.