«Алматы жастары» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы байқауының бірінші кезеңі 2021 жылдың 10 наурызында басталады.
«Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1000 жас маманды баспанамен қамту жоспарланып отыр. Бірінші кезең наурыздың 10 күні басталады деп жоспарлануда», – деді Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының орынбасары Ермек Әміров.
Осыған дейін бағдарламаға өтініш жолдап, резервке ілінгендер биыл байқауға қайта тапсыруы қажет.
«Отбасы Банк» АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова бағдарламаның бірқатар шарттарын атап өтті.
«Алматы жастары» бағдарламасы жастарды баспанамен қамтамасыз етуде жақсы нәтиже көрсетті. Тұрғын үй бағдарламасының аясында азаматтар жаңадан салынған үйлерді немесе бұрын қолданыста болған пәтерлерді де сатып ала алады», – дейді Данагүл Түсіпова.