arasha.kz

Алматыда карантин шаралары қайта күшейді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы шектеу шараларын қатаңдатты.

Жаңа қаулыға сәйкес, мейрамхана, кафе және кофехана түріндегі қоғамдық тамақтану объектілері үй-жайдың ішінде жұмыс күндері 7:00-ден 20:00 -ге дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі жұмысына тыйым салынады, тек қана алып шығу және жеткізуге рұқсат беріледі.

Жазғы алаңдар, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді. 

Сән орталықтары мен салондары, шаштараз, косметология қызметін көрсететін маникюр мен педикюр қызметтері (жазылу бойынша) алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуіне болады. Сауна, СПА орталықтары, бассейн, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары және йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтары сенбі, жексенбі күні жұмыс істемейді.

ХҚКО сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін уақыт бойынша шектеумен, халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақүй, санаторий-курорт ұйымдары, демалыс үйлері/база, турист базалары және т.б.) толтырылуы 80%-дан аспауы тиіс. 

Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері 9:00-ден 18:00-ге дейін уақыт бойынша шектеумен жұмыс істейді.

Сондай-ақ сауда үйлері, сауда желілері вакцинация пунктінің бар-жоғына қарамастан жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін (сенбі, жексенбі күндері тыйым салынады). Үй-жайдағы ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар (той, мерей-той, ас беруді өткізу) тыйым салынады.

Түнгі және ойын клубтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Ashyq жобасына қатыспайтын нысанда көрермендері бар спорт іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Ashyq жобасына қатыспайтын мәдени объектілердің, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне рұқсат жоқ.

Қаулы 28 маусымда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді

Exit mobile version