arasha.kz

Алматыда каскадер өлімінің мән-жайын тексеріп жатыр

Алматы полициясы 3 қараша күні қаладағы «ТСБ» түнгі клубында қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожиннің қайтыс болуына қатысты істі тексеріп жатқанын мәлімдеді. Қалалық полиция департаментінің 5 қараша күні жарияланған хабарламасында сотқа дейінгі тергеу аясында «өлім себебін нақты анықтау» мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалғаны айтылады.

Каскадер Қасым Жұмағожиннің түнгі клубта қайтыс болғаны туралы 4 қарашада хабарланған. 3 қараша күні Жұмағожин шоуға қатысып, сценарий бойынша «жіпте асылып тұрған мумияны» бейнелеген. Жұмағожин өнер көрсететін Nomad Stunts тобы әлеуметтік желіде тарап кеткен, каскадердің өзін жіппен жоғары көтере бастағанда босануға талпынып жатқаны туралы видео – аталған шоу бағдарламаның бір көрінісі екенін айтты. Топтың мәлімдеуінше, трюкті жасау кезінде каскадер сақтандыратын жилет киген. Топ көрермендер көрген жіптің өтірік екенін және оның тартылып тұрмағанын айтады.

Бүгін БАҚ Жұмағожинның әйелі Альбина Жұмағожинаның күйеуінің өліміне қатысты жасаған мәлімдемесін таратты. Әйелінің сөзінше, күйеуі өнер көрсеткен соң өзін нашар сезініп, қайтыс болға. БАҚ-тың хабарлауынша, 4 қараша күні Жұмағожиннің туыстары сот-медициналық сараптама қорытындысын алған. Сараптамада каскадердің «алғашқы жедел миокард инфарктінен» қайтыс болғаны айтылған. Мәлімдемеде марқұмның отбасы оның өліміне қатысты жалған ақпараттың таралуын «тоқтату» үшін прокуратураға жүгінуге мәжбүр болғаны айтылады.

Спорттық гимнастикадан спорт шебері Қасым Жұмағожин қазақстандық және шетелдік ондаған фильмді түсіруге қатысқан.

Azattyq.org

Exit mobile version