arasha.kz

АЛМАТЫДА НАРАЗЫЛЫҚҚА ШЫҚҚАНДАР ҚОРШАУДА ТҰР

Алматыдағы Республика алаңында Демократиялық партия мен Оян, Qazaqstan қозғалысының кем дегенде 12 адамы ұсталды, деп хабарлайды arasha.kz caйты orda.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы наразылық білдіруші топты полиция бір сағатқа жуық қоршауға алып тұр. Олардың арасында Әсем Жапишева мен Жанболат Мамай бар. Әкімдік өкілдері «Бойкот!» «Оян»деп ұрандап жатқан наразылық білдірушілердің сөзі естілмейтіндей етіп, музыка дыбысын қатты қосып қойған.
Оқиға орнындағы журналистер мен наразылық білдірушілерде ұялы байланыс жоқ. Алаңда не болып жатқанын нақты анықтау қиын.

Exit mobile version