Алматы қалалық мобильділік басқармасында жер сілкінісінен кейін мамандар 36 жолайрығы мен көпірге, 45-тен астам жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріне визуальды тексерулер жүргізілгенін хабарлады.
«Еш зақым анықталған жоқ. Сонымен қатар, көпірлер мен өткелдерді егжей — тегжейлі зерттеу жұмыстары жалғасуда», — делінген хабарламада.