arasha.kz

Алматыдан 127 километрде жер сілкінді

Бүгін Астана уақытымен сағат 18:34 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 127 километр қашықтықта 3,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, жердің 10 километр терең қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.6.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. 

Azattyq.org

Exit mobile version