arasha.kz

Алматыдан 283 шақырымда жер сілкінді

Бүгін Астана уақытымен сағат 17:50 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 283 километр қашықтықта 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Шыңжаң аймағында, 10 километр тереңдіктегі жер қабатында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.8.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. 

Azattyq.org

Exit mobile version