Қарағандыда өрт шығып, үш бала газдан уланған. Өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарған. Олардың жетеуі балалар, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті.
4 ақпанда сағат 22.12-де Қарағандыдағы Октябрь ауданы 15 ықшамауданы тоғызқабатты үйде өрт шыққаны туралы өрт сөндіру қызметінің тетігіне хабар келіп түскен. Өрт сегізінші қабаттағы пәтерде 10 ш.м. алаңда шыққан. Өрт орнына Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамдағы 25 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те сөндірілген.
Иіс газымен 2011, 2014 және 2018 жылы туылған үш бала ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта өрттің не себебпті шыққаны анықталуда.
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024