29-11-18 |
2730 рет қаралған
Қарашада пәтер бағасы 0,7 пайызға қымбаттады.
Қарашада пәтер бағасы 0,7 пайызға қымбаттады

Елімізде пәтерлердің орташа бағасы қанша екені анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Krisha.kz басылымына сілтеме жасап.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, қараша айында Қазақстандағы пәтерлер 0,7 пайызға қымбаттаған.
«Баспана қымбаттаған қалалардың тізімінде бірінші болып Ақтау қаласы тұр. Онда пәтерлер 2,6 пайызға қымбаттап кеткен. Пәтердің шаршы метр орташа есеппен 210,5 мың теңгеге жеткен. Бұл қазан айымен салыстырғанда 5 412 теңгеге көп. Ал екінші орында 2 пайыз көрсеткішпен Тараз қаласы тұр. Қарашада Тараздағы пәтерлердің бағасы шаршы метріне 149 мың теңге болған. Орал қаласы да осы тізімге еніп отыр. Онда бұл көрсеткіш қарашада 1,6 пайызға – 2 885 теңгеге өскен. Оралдағы пәтерлердің шаршы метрі 182,7 мың теңгеге жеткен. Бұл Оралдағы рекорд көрсеткіш», – дейді мамандар.
Сондай-ақ, Семей, Көкшетау және Петропавл қалаларында да пәтер қымбаттағаны айтылады. Бұдан бөлек, мамандар пәтер арзандаған үш елді мекенді атап өтті. Ол тізімде Ақтөбе (шаршы метрі – 206 мың теңге), Қарағанды (шаршы метрі – 200,3 мың теңге) қалалары бар.

Дереккөз: Tengrinews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.