02-10-18 |
3930 рет қаралған
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» Қазақстан үкіметіне 1,1 млрд доллар өтемақы төлейді.
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» Қазақстан үкіметіне 1,1 млрд доллар өтемақы төлейді
  • Астана «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (ҚПО) консорциумымен алдын ала келісім жасастық, оған сәйкес, консорциум Қазақстан үкіметіне 1,1 млрд доллар өтемақы төлейді деп мәлімдеді.

Қазақстан үкіметі мен консорциум арасында кірісті түсімдерді бөлісуде келіспеушілік болған. Осыған сәйкес, Астана халықаралық сотқа арызданған.

Қазақстанның энергетика министрлігі таратқан мәлімдемеде сот процесі барысында тараптар өзара тиімді жолды тауып, бітімге келді делінген.

Бітімге сәйкес, консорциум Қазақстанға 10 жылға инфрақұрылым жобалары құрылысы үшін бір млрд доллар көлемінде қарыз бермек. Егер республика қарыздан бас тартқан жағдайда, 200 млн доллар өтемақы төленеді.

  • Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сөздерінше, қазіргі кезде реттеудің негізгі қағидалары келісілген, енді нақты келісімге жыл соңына дейін қол қойылуға тиіс.

Қарашығанақ кеніші 1979 жылы Қазақстанның солтүстік-батысында ашылған. Кеніш 280 шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл әлемдегі ең ірі газ шикізаты орналасқан кеніш. Қазір бұл жерлерді ҚПО игеріп жатыр. Оның қатысушылары – British Gas Group, Eni, «Шеврон», «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз».

Дереккөз: centralasian.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.