19-11-18 |
1610 рет қаралған
Аргентина сүңгуір қайық экипажын үш күн аза тұтады.
Аргентинада «Сан-Хуан» сүңгуір қайығында қаза тапқандарды үш күн аза тұту жарияланды. Ел президенті Маурисио Макри «бүкіл шындықты білу мақсатында байыпты тергеу» басталатыны туралы мәлімдеген.

«Сан-Хуан» сүңгуір қайығы табылғаны жайлы ақпарат қарашаның 17-ікүні тараған. Аргентина қорғаныс министрлігі субмаринаның теңіздің 900 метрден астам терең тұсында жатқаны туралы хабарлаған. Қайық сынықтары радиусы 100 шаршы километр аумаққа шашылған. Су қысымынан қайықтың бүйірі қатты зақымданған. Қорғаныс министрлігі өзінде сүңгуір қайықты теңіз табанынан көтеретін қажетті техниканың жоғын айтқан.

Аргентина әскери-теңіз күштерінің «Сан-Хуан» сүңгуір қайығы былтыр қарашаның 15-і күні Атлант мұхитына жорыққа аттанғаннан кейін көп ұзамай радардан жоғалып, байланыс үзіліп қалған. Қайықта барлығы 44 адам болған. 2017 жылы 5 желтоқсанда Аргентина билігі сүңгуір қайық экипажы түгелдей қаза болды деп ресми түрде жариялаған. Сүңгуір қайықты іздестіруге оннан астам ел, солардың арасында АҚШ, Ұлыбритания мен Ресей де атсалысқан.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.