Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, митингіде Пашинян парламент жұмысын реттеуге қатысты мәселені шешуде өз ұсынысын білдірді. Пашиняннің ұсынысы бойынша, ол премьер-министрліктен отставкаға кетеді және егер парламент өзін екі ретте де премьер-министр қылып сайлай алмаса, онда конституция бойынша парламент тарайды да, мерзімінен бұрын сайлау өтеді.
Армения парламенті 2 қазан күні кешке өткен кезектен тыс жиынында парламенттің жұмыс тәртібі туралы заңға өзгерістер енгізуді мақұлдаған. Парламенттегі Армения республикалық партиясы, «Дашнакцутюн» партиясы мен «Царукян» блогы ұсынған өзгерістер бойынша, төтенше жағдай немесе депутаттардың жұмысына кедергі келтіру салдарынан парламентте қандай да бір мәселе талқыланбай қалса, онда парламент жиыны өтпеді деп емес, тоқтатылды деп саналады.
Премьер-министр Никол Пашинян қабылданған өзгерістер парламентті тарату мүмкіндігін айтарлықтай азайтатынын мәлімдеді. Ол заңға түзету енгізуді қолдаған депутаттар мен саяси күштерді «контрреволюционерлер» деп атады.
Қазанның 2-сі күні кешке парламент ғимаратына кіреберіс жол жабылды. Парламент алдындағы Баграмян даңғылына заңға енгізілетін даулы өзгерістерге қарсылығын білдіру үшін премьер-министрдің шақыруы бойынша шыққанн халық жиналды.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024