02-11-18 |
1700 рет қаралған
Арменияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы белгіленді.
Армения президенті Армен Саркисян елде желтоқсанның 9-ына мерзімінен бұрын парламент сайлауын белгіледі.

Қарашаның 1-і күні Армения парламенті екінші рет Никол Пашинянді премьер-министр қылып сайламай қойған. Осыдан кейін ел конституциясына сай парламент тараған.

16 қазанда никол Пашинян премьер-министр қызметінен өз еркімен кеткен. Сол күні кешкісін ұлттық телеарнадан үндеу жариялаған Пашинян премьерліктен елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу мақсатында кеткенін мәлімдеген. Ол ерте парламент сайлауы «тұтас билікті халық қолына тапсыру үшін керек екенін» айтқан.

24 қазанда Никол Пашинян парламентте премьерді сайлауға дауыс берудің алғашқы кезеңінде қажетті дауыс жинай алмаған. Пашинян – сайлауға қатысқан жалғыз кандидат. Оны парламенттегі «Елк» фракциясы ұсынған. Парламенттегі үш фракция сайлауға қатысудан бас тартқан.

Көре отырыңыз: Пашинянның көздегені не?

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.