12-11-18 |
1080 рет қаралған
Астана: Халықаралық трибунал Қазақстанға қарсы шағымды қабылдамады.
Қазақстан Әділет министрлігі Париждегі Халықаралық сауда палатасы жанындағы арбитраж трибуналы түркиялық «Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma Anonim Şirketi» компаниясының Қазақстан билігіне қарсы арыз-шағымын қабылдамау туралы шешім шығарғанын хабарлады.

«Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma Anonim Şirketi» компаниясы 2015 жылы наурызда арбитраж трибуналына Қазақстан үкіметіне қарсы шағым түсірген. Түркиялық компания «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамымен бірге «АТМА» Атырау әуежайы және тасымалдау» акционерлік қоғамының құрылтайшысы санады.

Министрлік мәліметінше, түркиялық компания арызында Қазақстанды Атырау халықаралық әуежайын құру арқылы жанармай жеткізу, жүк қызметі және тікұшақтарға қызмет көрсету мүмкіндіктерінен айырды деп айыптаған. Шағымданушы сонымен қатар Қазақстаннан өзінің «АТМА» Атырау әуежайы және тасымалдау» акционерлік қоғамына салған қосымша инвестициясын (16 миллион доллар) өтеуін талап еткен.

Әділет министрлігі арбитраж трибуналы 8 қараша күні шығарған шешімінде Қазақстан билігі жанармай жеткізу, жүк қызметі және тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша қызметтерді меншіктеп алу әрекеттерін жасамады және шағымданушының қосымша инвестициясын қайтарып алуына кедергі келтірмеді деп танығанын айтады.

Ресми ақпарат бойынша, трибунал Қазақстан үкіметі «шағымданушының қосымша инвестициясын қайтаруға міндетті емес және Қазақстан шетел инвестициясын қорғау жөннідегі халықаралық міндеттемелерін толық орындады» деген қорытынды жасаған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.