09-11-18 |
1420 рет қаралған
Астана мен Мәскеу ғарыш туризмін дамытпақ.
Петропавлда өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Шараға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин келген.

Жиын барысында Қазақстан президенті Назарбаев екі ел туризмді бірге дамыту керектігін баса айтты. Астана мен Мәскеу Байқоңырда ғарыш туризмін, Каспий теңізінде кеме туризмін қолға алмақ. Бұл «экономика үшін тиімді».

Пленарлық отырыста Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданына кіретін Шалқар-Имантау курорттық аймағын дамыту жолдары да талқыланды. 2017 жылы бұл курорттық зонаның жолын жөндеуге 1 миллиард теңге, ал биыл 3,2 миллиард теңге бөлінген. Қазір шамамен 150 шақырым жол жөнделген.

Форум аясында екі ел президенті шекара аймағындағы өңірлердің туризмін дамыту жоспарына және ондаған құжатқа қол қойды.  Шара кезіндегі туристік көрмеге Қазақстаннан 18 аймақ, ал Ресейден 11 өңір қатысты.

Келесі форум 2019 жылы Ресейдің Омбы қаласында өтеді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.