фото: ktk.kz
Нұр-Сұлтан қаласында атаулы әлеуметтік көмек үшін құжат қабылдау басталды. Бұл туралы қала әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру үшін өтінішпен бірге жеке куәлік болуы тиіс. Азаматтар альфавит ретімен қабыланады.
«Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа форматы енгізілді. Ол бойынша елорданың 4 аудандық әкімдігінде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгіннен бастап АӘК тағайындау бойынша азаматтарды қабылдау «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында және 4 аудандық әкімдікте жүзеге асуда.
Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалатындығын атап өткен жөн. Яғни, өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде тапсырылса, онда төлем толық ай бойы төленеді. Құжат тапсырушы азаматтар өтініш, сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну қажет.
Сондай-ақ, АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай уақытша тіркеу болу керек. Естеріңізге салсақ, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері бұрынғыдай отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жылдың 1-ші тоқсанына күнкөріс – 34 654 теңге, кедейлік шегі – 22 258 теңге)» делінген қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024