2024 жылғы 27 қыркүйегінде Астанада, Атырау көпірінде Қазақстанның атом саласы қызметкері күніне орай ұйымдастырылған фотокөрме жұмысын бастады. Көрмені Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Фотокөрмеде көпшілік назарына еліміздің атом өнеркәсібіндегі негізгі кәсіпорындардағы мамандардың күнделікті жұмысы туралы сыр шертетін бірегей кадрлар ұсынылған. Экспозицияда «Ұлттық ядролық орталық» РМК, Ядролық физика институты РМК, «МАЭК» ЖШС және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыскерлерінің, сондай-ақ ядролық қондырғылар мен саладағы бірегей тарихи сәттердің фотосуреттері қойылған. Қазіргі уақытта Қазақстанның атом өнеркәсібінде 17 мыңнан астам адам жұмыс істейді, көрмеде олардың еңбектері мен саланың дамуына қосқан үлесіне тиісті құрмет көрсетіледі.
– Атом саласы қызметкерлерінің күні осы салада еңбек ететін адамдардың басты кәсіби мерекесі болып табылады. Бұл көрме жұмысымыздың нәтижесін көрсетіп, еліміздің игілігі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетуге деген мүмкіндік. Біз атом өнеркәсібінің дамуына үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз және жыл өткен сайын саламыздың нығая түсетініне сенімдіміз», – деді ҚР ЭМ Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғұмар Серғазин.
Фотокөрме атом саласы қызметкерлеріне ізгілік көрсетуге арналған. Көрме барлығына ашық және 29 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі еліміздің атом өнеркәсібінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін барлық қызметкерлерге алғысын білдіреді және азаматтарды осы сала қызметкерлерінің жұмысымен жақынырақ танысу үшін көрмені тамашалауға шақырады.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024