04-10-18 |
910 рет қаралған
Астанада бір адамның менингококк жұқтырғаны анықталды.
Астанада ауруханаға түскен ер адамның менингококк инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Астанада өткен брифингте қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов хабарлады.

Байғабыловтың сөзінше, Астанаға Жезқазғаннан келген ер адам «менингококк инфекциясын жұқтырды» деген күдікпен 1 қазан күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Науқаста ауру белгілері 29 қыркүйек күні байқала бастаған: басы айналып, ауырып, дене қызуы көтерілген.

Департамент басшысы қазір науқастың жағдайы жақсара бастағанын айтады.

Қазір науқаспен араласқан адамдар анықталып, тексеруден өткен. Олар менингококк инфекциясын жұқтырмағанымен, 12 күн дәрігерлер бақылауында болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұған дейін хабарлауынша, Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясын жұқтыруға қатысты 62 оқиға, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 21 оқиға тіркелген. Осы мерзім ішінде 13 адам дерттен көз жұмған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.