6 қазанда Астана қаласының көшелеріне жаңа № 501 және № 502 экспресс-бағдарлары жолға шығады.
Экспресс-бағдарлардың жұмысы жылдам әрі жайлы сапарлар, жол жүру уақытын азайтуға және елордада жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған.
Бағдарлар бағыты:
№ 501 экспресс-бағдар – Абайдың 150-жылдығы к-сі – Халықаралық әуежай;
№ 502 экспресс-бағдар –Теміржол вокзалы – «Бағыстан» ТК қатынасымен жүреді.
Әр бағыт бойынша 8 автобус қызмет көрсетеді, жалпы саны 16 автобус болады. Қатынау жиілігі 14-20 минут.
Жол жүру құны – 250 тг.
Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды:
«Қала+Экспресс» – 10 000 тг.
«Қала+Экспресс+Қала маңы» – 13 500 тг.
*Айлық жол жүруді сатып алу 16 қазаннан бастап қолжетімді болады және олар 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап әрекет етеді.
Экспресс бағдарлар елорданың негізгі көлік-тасымалдау хабтарын және әлеуметтік маңызы бар объектілері арқылы жүреді. Олардың жүру сызбаларымен CTS Instagram парақшасының Tаplink-те танысуға болады.
Сапарларыңызды экспресс-маршруттармен жоспарлаңыз және ыңғайлы жүріңіз!
Экспресс-бағдарлардың жұмысы туралы ақпарат @cts_kz парақшасында жарияланады.
Автобустардың қозғалысын «Avtobys», 2ГИС және Яндекс Карты қосымшалары арқылы бақылауға болады.