Астанада жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан бес бала қазаға ұшырады деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.
Комитет мәліметі бойынша, өткен түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі уақытша баспанада өрт шығып, үйдің төбесі жанып ортасына түскен. Өрт суыт хабар түскеннен кейін бір сағатқа жуық уақыт өткенде сөндірілді деп хабарлайды комитет.
Өртке қарсы күрес қызметі өкілдері өрт болған үйдің орнынан қаза болған бес баланы тапқан. Олардың ең үлкені 2006 жылы, ал ең кішісі – 2018 жылы туған. Балалар үйде жалғыз болған деп хабарланды.
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024