04-12-18 |
1620 рет қаралған
Астаналық белсенді екі айға қамалды.
Астаналық белсенді, тіркелмеген «Алаш» халықтық социал-демократиялық партиясының жетекшісі Сырым Әбдірахманов екі айға қамалды. Бұл жайлы Азаттық тілшісіне оның адвокаты Төлеген Шаиков хабарлады. Шаиковтың айтуынша, жабық сот процесі 1 желтоқсанда Астана қалалық тергеу сотында болған.

Әбдірахмановтың үстінен астаналық шенеуніктердің бірі полицияға «көрінеу жалған ақпарат тарату» (274-БАП) бойынша арыз түсірген. Шаиковтың айтуынша, қазіргі кезде төрт бап бойынша партия жетекшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

– Төрт бап бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұлар: 274-БАП, 1-бөлім («Көрінеу жалған ақпарат тарату»), 380-БАП, 3-бөлім, 1-пункт («Билік өкіліне қатысты күш қолдану»), 407-БАП, 2-бөлім («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау»), 378-БАП, 1-бөлім, 1-пункт («Билік өкілін қорлау»), – дейді Төлеген Шаиков Азаттық тілшісіне. 

Астана қалалық тергеу соты Сырым Әбдірахмановың екі айға қамалғанын растады. Астана қалалық ішкі істер департаментінен жауап ала алмадық.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.