29-11-21 |
1510 рет қаралған
Атамқұлов баспана бағасы тұрақтанатынына сенімді.
Атамқұлов баспана бағасы тұрақтанатынына сенімді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда тұрғын үй бағасы келесі жылдан бастап тұрақтанады деген сенімде.

Министр елімізде құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашып, баспана бағасын тұрақтандыру жұмыстары қолға алынғанын айтты. Бейбіт Атамқұловтың пайымынша жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады. 

«Елімізде өндірілетін бірқатар материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз. Бүгінде керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді», – деді Атамқұлов «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында.

Алайда, оның айтуынша, өндіріс көлемі аз. Министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етуды жоспарлап отыр.

Министрдің болжамынша тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.

«Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр», – деп  түйіндеді Бейбіт Атамқұлов. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.