Президент көмекшісі Ерлан Қарин ауыл әкімдерінің сайлауы 25 шілдеде басталатынын хабарлады.
Президент көмекшісі ауыл әкімдерін тікелей сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға ретінде атап өтті.
«25 шілде күні бір уақытта 700-ден астам ауыл әкімі сайланады. Ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өтеді», – деп жазды Карин өзінің Telegram каналында.
Бүгін Алматыда саяси реформалардың үш президенттік пакетін жүзеге асыру бойынша сараптамалық талқылау өтті. Алқалы жиынға отандық сарапшылар, саясаттанушылар, Мәжіліс депутаттары мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері қатысты.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024