02-11-18 |
1030 рет қаралған
Ауыр атлет Арли Чонтей әлем чемпионатында күміс алды.
Ауыр атлетикадан Ашғабатта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Арли Чонтей ерлер арасында 55 келіде күміс медаль алды.

Ол жұлқа көтеру және серпе көтеру жаттығулары бойынша 258 келі көтерді. Алтын жүлдені Солтүстік Корея атлеті Ом Юн Чол (275), қола жүлдені италиялық Мирко Скарантино (252кг) иеленді.

26 жастағы Арли Чонтей Қытайда туған. 2010 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының шақыртуымен осы елдің азаматтығын алған. 

Допинг дауынан кейін бір жыл барлық жарыстан шеттетілген Қазақстан, Қытай, Солтүстік Корея, Ресей құрамасының жазасы аяқталып, жарысқа оралды. Әлем біріншілігіне Қазақстаннан барлығы 20 атлет қатысып жатыр. Олардың арасында «допинг қолданды» деп айыпталып, Лондон олимпиадасының алтынын қайтарған Зүлфия Чиншанло (Қытайда туған), Рио олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов (Әзербайжанда туған) бар. 

Ашғабаттағы әлем чемпионаты 10 қарашада аяқталады.  

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.