arasha.kz

Ауыр атлет Чиншанло әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Ауыр атлетикадан Ашғабатта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Зүлфия Чиншанло әйелдер арасында 55 келіде 5-орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні көтерді. Чемпион болған таиландық Суканя Срисурат (Рио олимпиадасының чемпионы) 232 келіні еңсерді.

25 жастағы Чиншанло Қытайда туған. 2007 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының шақыртуымен осы елдің азаматтығын алған. 2009, 2011, 2014 жылы әлем чемпионатында алтын алған. 2012 жылы Лондон олимпиадасында чемпион атанған. Бірақ Халықаралық олимпиада комитеті Лондон олимпиадасындағы допинг сынамаларын қайта тексеріп, Чиншанлоның анализінен «допинг тапқан». Ол алтын медалін қайтарып, екі жыл спорттан шеттетілген. Чиншанлоның жазасы 2018 жылы жазда аяқталған. 

Допинг дауынан кейін бір жыл барлық жарыстан шеттетілген Қазақстан, Қытай, Солтүстік Корея, Ресей құрамасының жазасы аяқталып, жарысқа оралды. Әлем біріншілігіне Қазақстаннан барлығы 20 атлет қатысып жатыр. 2 қарашада Арли Чонтей ерлер арасында 55 келіде күміс алған. 

Ашғабаттағы әлем чемпионаты 10 қарашада аяқталады.

Azattyq.org

Exit mobile version