04-12-18 |
2230 рет қаралған
Қазақ елі дегенде не еске түседі?.
Қазақ елі дегенде не еске түседі?

 «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бірінші бөлімі жалпы зерттеу жұмыстарының, олардың ішінде Ғылым Ордасының базасындағы тарих институты бар, этнология институты, тіл білімі институты, экономика институты, әдебиет және өнер институты, шығыстану және философия институттарының барлығының жасаған ғылыми зерттеулерінің қорытындысы болып табылады, -дейді PhD доктор, әдебиеттанушы,  жас ғалым Ертай Сұлтан бізге берген сұхбатында.

Ғалымның пайымждауынша осы уақытқа дейін Қазақстанның саясаты дербес дамып жатқан ел ретінде әлемдік деңгейде өзінің орнын анықтауға, бейнесін қалыптастыруға бағытталды.

-«Оған дәлел ЭКСПО, Азияда, оның алдындағы ОБСЕ саммиті, БҰҰ-ның Қауіпсіздік бөлімін бір жыл басқардық. 27 жыл тәуелсіздігімізді қалыпстастыруға уақыт кетті. Енді біз рухани дүниемізге оралуға, өткенімізді қайта қарауға толыққанды дайын болдық деп айта аламын. Және елбасының мақаласы да соның дәлелі болып келеді. Енді біздің бұрынғы дүниеміз қандай, біз өзіміздің Түркі халқы екенімізді, көшпенді халық екенімізді, біздің бай керемет мәдениетіміз, әдебиетіміз бар екендігін, түрлі ғылыми орталықтарда біз туралы ақпараттар бар екендігін, енді біз өзіміздің қазақ елі ретіндегі ерекшелігімізді бүкіл әлемге жария ету үшін жасалған қадам және соған жасалған жоспар деп білемін бұл мақаланы. Сол себепті де бірінші бөлімінде қазақ елі деген кезде не еске түседі ? Қазақ елі жалпы басқа елдерден несімен ерекшеленеді? деген сұрақтарға жауап таба аламыз. Онда аң стилі,  Қазақстан қызғалдақ пен алманың отаны деген сынды мәселелер қозғалады.

Ал екінші бөлімінде бізде қалыптасқан, брендімізге айналуға мүмкіндігі бар  осындай атауларды халықаралық деңгейде қалай қалыптастырамыз? Олардың орнын қалай анықтаймыз? деген сұрақтарға жауап іздейміз. Әрі оған нақты-нақты қадамдарды бекітіп айтып береді. Оның бірі – «Архив-2025». Мысалы Санкт-Петербург музейінде андарымыздың шапандары бар. Ол шапандардың тарихы туралы жазып жатқан, қарап жатқан ешкім жоқ. Сол сияқты архив деген бөлімде әрине басқа елдердегі музейлердегі қолжазба бөлімдердегі қазақ елі туралды жазған мағлұматтарды жинау.  Сол арқылы қазақ елінің ол кеңес дәуірінің құрамындағы бір пост советтік ел ғана емес, оның тарихы әлде қайда тереңде жатқанын, Кезінде басқа елдердің тарихшылары, саяхатшылары , әдебиетшілері қызығушылық танытқан даланың ұлы елдерінің бірі екендігін көрсету.  Яғни біз өз ішімиіздегі ғалымдарымыздың еңбектерін дәріптеп қана қоймаймыз, сырттағы ғалымдардың соның ішінде 17-18 ғасырда болсын сырттағы ғалымдардың қолжазбаларын, солардың негізінде,  факттердің негізінде сол құжаттарға сүйене отырып, өзімізді дәлелдеуіміз керек.

Содан кейін «қазақ фольклоры мен музыкасының мың жылы» – бұл да үлкен тақырып. Әсіресе әдебиет танушылар үшін «Әдебиет және өнер институтының» ғылыми қызметкері ретінде бұл мақаланы оқыған кезде өте үлкен әсер алдым. Себебі фольклор деген – ұлттың өзегі, жаны. Кез келгент ел өз фольклорын өте қатты құрметтейді, дәріптейді. Соның негізінде өзінің ұлттылығын танытады. Мысалы орыс халқында фольклор дегенді бірнеше салаға бөліп тастаған. Ежелгі фольклор болсын, қазіргі замандағы фольклордың трансформациясы, қазіргі кезде фольклор қандай көрініс тауып жатыр, әдебиеттерде, өлеңдерде, ақындар мен жазушылардың  шығармаларында қоғамдағы орны қандай деген сияқты мәселелерді әлде қашан зерттеп, оны жобаларға айналдырып, солай дамытып жатыр. Сол секілді қазақ мәдениеті мен өнері   сонау орта ғасырлардан басталған. Жыршылық өнер болсын, жыраулық өнер болсын солардың барлығын қайта жаңғырту. Оның ауыздан-ауызға тарауының өзі үлкен мәдениет. Оның өзінің үлкен әдіс-тәсілдері бар. Соның барлығын түркі жұртшылығымен салыстыра отырып зерттеу керек. Мысалы татарларда қалай, башқұрттарда қалай, түріктерде қалай? Ол қандай көрініс тапқан? Қазіргі кезде әлі күнге дейін жауабын таппаған дүниелер бар. Алпамыс жырын мысалға Өзбектер біздікі дейді. Сол мәселелердің барлығының нүктесін қоятын кез келді.

Бұл мақалада 21 ғасырда қазақ халқының ұлт ретінде сақталып қалуының  басты-басты қадамдары көрсетілген» -деп сөзін аяқтады әдебиеттанушы,  жас ғалым Ертай Сұлтан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.