16-10-18 |
14950 рет қаралған
Шетелдіктер ықтиярхатты 150 мың долларға сатып алуы мүмкін.
Шетелдіктер ықтиярхатты 150 мың долларға сатып алуы мүмкін

Шетелдік инвестор 150 мың АҚШ долларынан кем емес қаражатты бір немесе бірнеше инвестициялық қорларға салса, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беретін ықтиярхат ала алады. Яғни, шетелдік 150 000 долларға ықтиярхат салып алады деген сөз. Үкімет мұндай өзгерісті «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында аясында қарастырып отыр. Жоба ашық үкімет порталында талқылауға шығарылды. Заң жобасымен мына жерден танысуға болады.

Бұл ақпарат лезде тарап, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Мәселен, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан өзінің facebook парақшасында «150 мың долларға азаматтықты қытайларға сыйламақсыңдар ма? (басқаларға оның керегі де жоқ)» деп жазды.

Бұдан өзге де адамдар желіде пікір қалдырып, талқылап жатыр.

Төменде заң жобасының салыстырмалы кестесін беріп отырмыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.