Sporting Intelligence сайты әлемдегі футболшылар 2018 жылы қанша жалақы алғанын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Орта есеппен ең көп жалақыны ағылшын премьер-лигасында төлейді екен. АПЛ-дың бірінше командасы орта есеппен жылына 3,93 миллион доллар жалақы алады екен (1,4 миллиард теңге).
Испанияның Ла Лигасы 2,89 миллион доллармен екінші орынға жайғасса, Итальяның А Сериясы 1,99 миллион АҚШ долларын қанжығаларына майлап, үшінші орынға шыққан.
Ал Қазақстанның премьер-лигасы тізімде 25-ші болып орын теуіпті. Премьер-лиганың негізгі құрамасындағы футболшылар орта есеппен жылына 148 мың доллар (55 миллион теңге) алған екен. Осы көрсеткішпен Қазақстан спортшылары Оңтүстік Конея, Австралия, Польша және әлем чемпионатында екінші орын алып, көзге түскен Хорват футболшыларынан алда тұр.
Ең жоғарғы жалақы алатын 10 топ:
1. Ағылшын премьер-лигасы – 3,93 миллион АҚШ доллары;
2. Ла Лига (Испания) – 2,89 миллион АҚШ доллары;
3. А Сериясы (Италия) – 1,99 миллион АҚШ доллары;
4. Бундеслига (Германия) – 1,83 миллион АҚШ доллары;
5. Лига 1 (Франция) – 1,3 миллион АҚШ доллары;
6. Суперлига (Китай) – 1,05 миллион АҚШ доллары;
7. Ресей премьер-лигасы – 877 мың доллар;
8. Суперлига (Туркия) – 864 мың доллар;
9. Серия А (Бразилия) – 670 мың доллар;
10. МЛС (Канада, 3 клуб) – 519 мың доллар.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024