2018 жылы 28 қыркүйекте Россельхознадзордың ресми сайтында Ресейге көкөніс экспорттайтын тауар өндірушілер тізімінде жоқ болуына байланысты Қазақстанға карантиндегі өнімдердің (картоп пен қауын) кері қайтарылғаны хабарланған.
«Ресейге көкөніс экспорттайтын тауар өндірушілер тізімінде болмауына байланысты карантиндегі өнімдерді кері қайтару – заңға қайшы» делінген Қазақстан Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарламасында. Министрлік «Еуразия экономикалық одағының өсімдік карантиніне қатысты нормативтік-құқықтық актілерінде көкөніс экспорттайттын өндірушілерді тізімге алу қарастырылмағанын» айтады.
Ведомство заңда қарастырылмаған себептермен өнімді кері қайтару сыртқы экономикалық байланыс орнатқандардың құқығын бұзатынын ескертеді.
Еуразия экономикалық комиссиясының 2016 жылғы 60 қарашада бекіткен Еуразия экономикалық одағының бірыңғай фитосанитарлық талаптары бойынша, карантинге алынған өнімдерді тасымалдауда жоғарыдағыдай тізім жасау туралы талап қарастырылмаған.
«Өсімдік өнімін өндірушілер тізімінде жоқ болуына байланысты өнімді кері қайтарған жағдайда Қазақстан Ресейден әкелінетін өнімдерге қатысты дәл осындай шара қабылдауға мәжбүр болады» деп хабарлады Ауылшаруашылығы министрлігі.
Тамыздың басында Россельхознадзор мекемесі Қазақстан Ресейге карантинге алынған өнімдерді жеткізуде Еуразия экономикалық одағы мен Ресейдің фитосанитарлық талаптарын жиі бұза бастағанын мәлімдеген.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024